Чарлз Томсон Риз Вильсон

Чарлз Томсон Риз Вильсон
ағылш. Charles Thomson Rees Wilson
Туған күні

14 ақпан 1869 (1869-02-14)

Туған жері

Гленкорс, Мидлотиан, Шотландия

Қайтыс болған күні

15 қараша 1959 (1959-11-15) (90 жас)

Қайтыс болған жері

Карлопс , Шотландия

Азаматтығы

 Ұлыбритания

Ғылыми аясы

физика

Жұмыс орны

Кавендиш лабораториясы

Альма-матер

Кембридж университеті

Несімен белгілі

Вильсон камерасын ойлап табушы

Марапаттары


Нобель сыйлығы Физикадан Нобель сыйлығы (1927)

Чарлз Томсон Риз Вильсон (ағылш. Charles Thomson Rees Wilson; 14 ақпан 1869(18690214), Гленкорс — 15 қараша 1959, Карлопс) - шотландық физиг, 1927 жылғы нобель премиясынң лауреаты. 1892 ж. Кембридж университетін бiтiредi. 1900-1934 ж.ж. Кембридж университетiнде жұмыс iстейдi. Оның жұмыстары молекулалық, атомдық және ядролық физикаға арналған. 1897 ж. белгiлi бiр шарттарда әрбiр зарядталған ион су буының конденсация центрi болатынын көрсетiп, будың конденсациялану әдiсiн ашты. 1912 ж. зарядталған бөлшектердiң iздерiн (тіректерiн) суретке түсiру және бақылау үшiнқұрылғы – Вильсон камерасын құрастырды. Осы зерттеуi үшiн Нобель сыйлығын алды.

Өмірбаяны

Вильсон Чарлз Томсон Риз - 1869 жылы, Гленскорс өңірінде , Мидлотиан гафствосында, крестиандар отбасында туған. 1873 ж. әкесі өлгеннен кейін отбасы Манчестер қаласына көшеді. Мектепті бітіріп , Вильсон өзінің оқуын Оуен колледжінде жалғастырады (қазіргі Манчестердегі университет). 1882 ж. Кембридж қаласындағы Синди Сассекса колледжіне ауысады. Бұл колледжде оның химия мен физикаға деген қызығушылығы арта түседі, бұған Оуен колледжінің профессоры Балфурт Стюарт себепкер болатын.

Оқуды бітірген Вильсон Кавендиш лабораториясында біраз уақыт жұмыс істеп, 1900 ж. Синди Сассекса колледжінің мүшесі болады, ол жерде ол түрлі эксперименттер жүргізіп студенттерге лекция оқыған. 1908 ж. абыздың қызына Джесси Фразерге үйленеді. Екі қызы және екі ұлы болған. 1959 ж. Шотландиядағы , Эдинбург қаласына жақын өңірде қайтыс болады.

Дереккөздер

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!