Түстерді араластырудың негізгі үш заңы —
- 1-заң: кез келген түс үшін оны араластыру арқылы ақ түс алуға болатын басқа екінші түс болады. Бұл екі түс өзара толықтыру түстері делінеді;
- 2-заң: спектральдық шкала бойынша толықтыру түстерінен басқа, бір-біріне жақын жатқан екі түс қосылғанда, өңі осы қосылатын түстер арасында болатын жаңа түс алынады;
- 3-заң: өзара бірдей екі түс қосылғанда олардың физикалық құрамының әр түрлі болуына қарамастан сол түстің өздеріңдей түс алынады.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007 жыл. ISBN 9965-36-448-6