Түрік Әуе Жолдары (түр.Türk Hava Yolları (THY), ағылш.Turkish Airlines) — Түркияның ұлттық әуетасымалдаушысы. Штаб пәтері Ыстамбұлда орналасқан.[2] Ол Еуропа, Азия, Африка және Америка елдеріндегі 120 халықаралық және 37 ішкі қалаға ұшып, 38 ішкі және 158 халықаралық әуежайға қызмет көрметеді. Әуекомпанияның негізгі тұрғылықты орны Ататүрк Халықаралық Әуежайы болып табылады. Есенбога Халықаралық Әуежайы мен Аднан Мендерес Халықаралық Әуежайы екінші дәрежелі хабтары болып табылады. 2006, 2007 және 2008 жылдары, THY 17 миллион 19.7 миллион және 22.5 миллион жолаушы тасымалдап, жалпы есеппен US$2.23, US$3.0 және US$4.5 миллиард кіріс тапты.[3] Әуекомпанияның шамамен 12,000 жұмыскері бар. 2008 жылдың бірінші сәуірінен бастап Түрік Әуежолдары Star Alliance-тың толыққанды мүшесі.
Ұшу бағыттары
Толығырақ: Түрік Әуежолдары Бағыттары
Түрік Әуежолдарының AnadoluJet атты Low-Coster компаниясы бар. Ұлтық Әуекомпанияның басты бәсекелестері болып Atlasjet, Onur Air және Pegasus болып табылады.
Түрік Әуежолдары Бағыттарының интерактивті картасын осы сайтта қарай аласыз [2]
Код бөлісу
Түрік Әуежолдары келесі тасымалдаушылармен код бөлісу келісіміне отырған:
↑Airline Routes-May 8, 2018, Air Transport World (8 May 2018). «Turkish Airlines and Belavia Belarusian Airlines signed a codeshare agreement, starting May 1, on Istanbul Ataturk-Minsk services operated by both airlines.».