Басқа мағыналар үшін Троицкое деген бетті қараңыз.
Троицкое — Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданындағы ауыл, Троицк ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Пресновка ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 39 км-дей жерде.
Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 1180 адам (582 ер адам және 598 әйел адам) болса, 2009 жылы 722 адамды (360 ер адам және 362 әйел адам) құрады.[1]
Тарихы
Іргесі 1895 жылы қаланған. Троицкоеде 1929 жылы “Жизнь” ұжымшары ұйымдастырылып, 1963 жылы кеңшар болып өзгертілді. 1976 жылы Жамбыл ауданы мамандандырылған шаруашылық бірлестігі болып қайта құрылды. 1993 жылы ауыл аумағынан ет өнімін өндіретін бірлескен ресейлік-қазақстандық кәсіпорын салынды. Троицкоеде 1995 жылы шаруа қожалықтары құрылды.[2]
Дереккөздер