Теңіз картасы (Морские карты)
— мұхиттар, теңіздер, шығанақтар, порттар және т.б. бейнеленген карта. Теңіз картасының ең көп тараған түрі — навигациялық карталар. Олар кемелерді жүргізуде қолданылады. Бүл карталарда теңіз түбінід жер бедері, жағасының әзгешелігі, қауіпқатер, навигациялық жағдай, гидрологиялық элементтер және т.б. бейнелснеді. Олардың мазмұны лоцияда (кемелерді жүргізу ғылымының бір саласы) толықтырьшады және түсінік беріледі. Навигациялық карталар: негізгі және шолу (масштабтары 1 : 500000, 1 : 5000000) карталары болып екіге бөлінеді. Олар жұзу жолының жагдайын және навигациялық аралыкты зерттеуге қолданылады, сондай-ак навигациялық картаның жол аралығын корсететін (1 : 100000 1: 5000000), жағаға жақын жүзуге арналган (1 : 25000, 1 : : 100000) түрлері де болады. Навигациялық карталардан басқа теңіз картасына арнаулы, оқып-үйрену және анықтамалық карталар жатады.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Әскери іс. Алматы: «Мектеп» ААҚ, 2001 жыл