Телюк Петр Захарович

Телюк Петр Захарович 1925 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев (қазіргі Шал ақын) ауданы Кривощеково селосында туған. Еңбек жолын 1941 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Октябрь ауданындағы «Новый труд» ұжымшарында бастаған. 1942 жылы Ақмола­-Қарталы теміржолын салуға қатысқан. 1943 жылы Кеңес Әскері қатарында болып, Ұлы Отан соғысына қатысушы, жараланған. 1944 жылдан партия, Кеңес және комсомол ұйымдарында қызмет атқарған. 1969-­1975 жылдары Бескөл аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы болып істеді. 1975 жылдан Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің бөлім меңгерушісі болған. 1973 жылы 10 желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Петр Захарович Телюкке Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сонымен қатар екінші рет Ленин орденімен, екі «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

Дереккөздер

  1. Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!