Сыртқы толқынды байланыс жолы — электромагнит энергиясы сымның сыртқы бетімен бойлап таратылатын байланыс жолы. Сыртқы толқынды байланыс жолы пластмассалы диэлектрикпен қапталған бір сымнан құрылады. Мұнда электромагниттің ерекше түрі (өте жоғары жиіліктегі) металл сымның сыртқы бетімен таралады. Байланыс жолының мұндай түрі әзірге тек теориялық және зертханалық тәжірибеде ғана қолданылады.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Электроника, радиотехника және байланыс. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007
ISBN 9965-36-448-6