Сый табақ түрлері[1] - сойылған малдың тиесілі мүшелерін әркімнің дәрежесіне лайықтап тартатын табақтар. Табақтың дұрыс тартылмауы кейде қонақтар арасында түсінбестік туғызады. Сондықтан сойылған малдың мүшелерін әркімнің дәрежесіне, жасына, туыстық қатынасына, т.б. сәйкес тарту дәстүріқазақ халқында осы күнге дейін бар.