Су тұщыту[1]-шаруашылыққа, ауыз суға қажет тұщы су алу үшін табиғи судағы тұз мөлшерін (1 г/дм3-ге дейін)азайту. Су тұщытудың: суды буландыру, катыру, ион алмастыру, электроионит әдістері бар.
- Cу жұмсарту – кермек судағы тұз мөлшерін мейлінше азайту арқылы оны шаруашылық мақсаттары мен ішуге жарамды ету әдісі. Су тұщытудың бірнеше физикалық әдістері (буландыру, қатыру, ион алмастыру, электронит) бар. Буландыруда тұзды су буын арнайы қондырғыларда конденсациялайды. Кейде күн сәулесінің қуатын да пайдаланады. Тұзды судың қату және еру ерекшелігіне сүйеніп қатыру әдісін қолданады. Себебі еру кезінде бірінші ащы кристалдар еріп, бөлінеді. Су тұщытудың химиялық әдістерінде тұзды су химиялық қосылыстардың ерітінділерімен өңделеді. Мысалы, әк-сода әдісімен тұндырылған тұздарды натрий фосфатымен (фосфат әдісі) өңдейді:
3Ca(HCO3)2+2Na3PO4=6NaHCO3+Ca3(PO4)2
3CaCl2+2Na3PO4=6NaCl+ +Ca3(PO4)2
- Ион алмастыру әдісі қолдан жасалған катиониттер мен аниониттердің кермек судағы тұздармен алмасу реакциясына негізделген. Бұл әдісте кермек суды катионит қабатынан өткізеді, сонда Ca2+, Mg2+ иондары Na+, H+, NH4+ иондарымен алмасады.
- Жасанды катиониттер алу жөніндегі академик Е.Ерғожиннің қазақстандық мектебінің зерттеулері отандық және шетелдік ғылыми және тәжірибелік ортада кеңінен танылды. Су тұщытудан басқа су тазартудың мөлдірлендіру, залалсыздандыру, газсыздандыру, әдістері белгілі.
[2]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология—
Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
- ↑ "Қазақ Энциклопедиясы"