Соңғы сөз - әдеби шығармаларының мақсат-міндетін, бағыт-бағдарын ұғындыру үшін жазылатын қорытынды сөз. Автордың негізгі идеясын айтайын деген ойымен тығыз байланысты, әдетте кітаптың соңында орналасады. Соңғы сөз "Сөз соңында", "Түйін", "Қорытынды", т.б. деп түрлендіріліп беріледі. Шығарманын мазмұнына, басылымның түр-сипатына сәйкес автордын Соңғы сөзден басқа кейде сыншының, кұрастырушының, редактордың, аудармашының атынан да жазылады. Соңғы сөз өзінің кұрылысы жағынан кіріспеге немесе алғы сөзге үксас болып келеді. Мыс., Д. Бокачко "Декамерон" атты новеллалар кітабына (1353), Л.Н. Толстой "Крейцер сонатасы" повесіне (1889), Ғ. Мүсірепов "Ұлпан" повесіне (1975), Р. Нұрғалиев, І. Есенберлиннің 10 томдық шығармалар жинағына Соңғы сөз жазған.[1]
Дереккөздер
- ↑ “ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6