Солтүстік (арал, Жаңа Зеландия)

Солтүстік аралы
ағылш. North Island, мао. -{Te Ika-a-Māui}-
Сипаттамасы
Ауданы113 729 км²
Ең биік нүктесі2797 м
Тұрғындар (2011 жыл)3 366 100 адам
Халық тығыздығы29,598 адам/км²
Орналасуы
38°23′45″ о. е. 175°42′44″ ш. б. / 38.39583° о. е. 175.71222° ш. б. / -38.39583; 175.71222 (G) (O) (Я)Координаттар: 38°23′45″ о. е. 175°42′44″ ш. б. / 38.39583° о. е. 175.71222° ш. б. / -38.39583; 175.71222 (G) (O) (Я) (T)
АкваторияТынық мұхит
Ел Жаңа Зеландия
Солтүстік (арал, Жаңа Зеландия) (Жаңа Зеландия)
Солтүстік аралы
Солтүстік аралы Ортаққорда

Солтүстік аралы (ағыл. North Island, маори Te Ika-a-Māui, сондай-ақ 1840 жылы Жаңа Олстер) — Жаңа Зеландияның екі негізгі аралдарының бірі. Тұрғындар саны 3 760 900 адам (2019 жыл маусым) құрайды[1]. Жаңа Зеландияның шамамен 76 % халқы Солтүстік аралда тұрады.

Атауы

Арал ұзақ жылдар бойы Солтүстік арал деп аталса да, Жаңа Зеландияның Географиялық Кеңесі 2009 жылы Оңтүстік арал сияқты, Солтүстік аралдың да ресми атауы жоқ екенін анықтады[2]. 2013 жылдың қазан айындағы қоғамдық кеңестен кейін Кеңес Басқармасы бұл аралды ресми түрде «Солтүстік арал» немесе Те Ика-а-Мауи деп атады[3]. XIX ғасырдың кейбір карталарында Солтүстік арал Жаңа Олстер деп аталады.

Географиясы

Аралдың ауданы 113 729 км², Жаңа Зеландияда екінші (Оңтүстіктен кейін) және әлемде 14-ең үлкен арал.

Солтүстік аралда - тау оңтүстікке қарағанда әлдеқайда аз. Оның ең биік нүктесі - белсенді Руапеху жанартауы (2797 м). Алайда, Солтүстік аралда жоғары жанартаулық белсенділік бар, нәтижесінде алты жанартаулық аймақтың бесеуі осында орналасқан.

Солтүстік аралдың орталығында Жаңа Зеландияның ең үлкен көлі Таупо орналасқан. Осы жерде Жаңа Зеландиядағы ең ұзын Уаикато өзені (425 км) ағады.

Орташа жылдық температура +19 °C құрайды.

Аралдың батысында Эгмонт ұлттық паркі орналасқан.

Тұрғындар

Аралда елдің басты қалалары, оның ішінде Жаңа Зеландиядағы ең үлкені - Окленд және ел астанасы - Веллингтон бар. 2011 жылғы санақ бойынша, аралдың тұрғындарының саны 3 366 100 адамды құрайды. Солтүстік аралда Жаңа Зеландияның шамамен 76% тұрғыны тұрады.

Дереккөздер

  1. «Subnational Population Estimates: At 30 June 2019». Statistics New Zealand. 22 October 2019. Retrieved 11 January 2020.
  2. The New Zealand Geographic Board Considers North and South Island Names. Land Information New Zealand (21 April 2009). Тексерілді, 28 қараша 2012.
  3. Two official options for NZ island names, The New Zealand Herald (10 October 2013). Тексерілді 10 қазанның 2013.

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!