Салыстырмалы геологиялық баламалар әдісі (болжамдық ресурстарды бағалау барысында). Төмендегі әрекеттер жиынтығы нәтижесінде жүзеге асырылатын болжамдық ресурстарды бағалау әдісі: болжам аумағын геологиялық құрылысы біріне ұқсас, бірақ зерттелу дәрежесі түрліше төлнұсқа және есептеу бөлікшелеріне бөлу; жақсы зерттелген төлнұсқа бөлікшелер бойынша мұнайдың, газдың, конденсаттың және бұларға ілеспе құрамбөліктердің геологиялық қорларының (А+В+С1+С2 категориялары) меншікті тығыздығын анықтайтын сандық қатынастарды есептеп шығару; қорлардың меншікті тығыздығы әдісімен мұнай, газ және конденсат мөлшерлерін болжамдық бағалау көрсеткіштерін есептеу бөлікшелері бойынша анықтау.[1]
Дереккөздер
- ↑ Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым.- Алматы: 2003. ISBN 9965-472-27-0