Рухолла Хомейни

Рухолла әл-Мусави әл-Хомейни
سید روح‌الله موسوی خمینی
Рухолла Хомейни

Хомейни, Рухолла Мусави, Аятолла Хомейни (24.9. 1902, Хумайн қаласы — 3.6.1989, Тегеран қаласы) — діни қайраткер, аятолла, Иран ислам революциясының көсемі, Иран Ислам Республикасының басшысы (1979 — 89). Шаһ өкіметінің ішкі, сыртқы саясатына қарсы қозғалысқа ерте араласып, шииттік бағыттағы мұсылмандардың беделді басшыларының біріне айналды. Үкіметке қарсы жүргізген белсенді күресі үшін қудаланып, 1964 жылы Мохаммед Реза Пехлеви шахтың кезінде шет елге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. 13 жыл Наджафта (Ирак), кейін Парижде болды. Иранға тек 15 жыл өткен соң, 1979 жылдың 1 ақпанында қайтып оралды. Хомейни Парижден келгеннен кейін екі күн өткенде Ислам революциялық Кеңесінің құрылғаны жарияланды. Иран Ислам Республикасының тұңғыш басшысы ретінде ол елде көптеген саяси-әлеуметтік реформалар жүргізді (қ. Иран). Шаһ өкіметі жойылып, саяси партияларға тыйым салынды. Батыс елдерінің иелігіндегі барлық компаниялар мемлекет меншігіне алынды. Ел СЕАТО блогынан шығып, блоктарға қосылмау қозғалысына мүше болды. Бірақ Батыс елдері Иранды оқшаулау саясатын ұстап, көршілес Иракты Иранмен соғысқа айдап салды (қара Иран-Ирак соғысы). Соғыс Иранға орасан зор экономикалық шығын (700 млрд. АҚШ доллар) әкелді. Соған қарамастан Хомейни Иранды Батыс елдерінің оқшаулау саясатын бәсеңдету үшін көптеген іс-шаралар жүргізді.

[1]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!