Роберт Пиль (ағылш.Robert Peel 1788, Бери, Ланкашир — 1850, Лондон) —Ұлыбритания саяси қайраткері. 1809 ж. тори партиясынан парламентке сайланды. 1812—18 ж. Ирландия істері жөніндегі министр. 1822—1827 және 1828—30 ж. ішкі істер министрі. 1834— 35 және 1841—46 ж. премьер-министр. 1846 ж. фритредерлер бағдарламасын жүзеге асыра отырып, өнеркәсіп буржуазиясының мүддесі үшін астық заңының күшін жойды.[1]