Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі (орыс. Министерство Обороны Российской Федерации) — Ресей Қарулы Күштерінің басқарушы органы, Ресей үкіметі құрамындағы министрліктердің бірі.
Ресей президенті Ресей Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады және Министрліктің қызметіне басшылық етеді. Қорғаныс министрі қарулы күштерге күнделікті әкімшілік және жедел билікті жүзеге асырады.[1] Қазіргі қорғаныс министрі — Андрей Белоусов.
Тарихы
Министрлік қазіргі түрінде 1992 жылғы 16 наурызда пайда болды.
КСРО ыдырауына байланысты және ТМД мүше мемлекеттерінің мемлекет басшыларының 1992 жылғы 20 наурыздағы Келісіміне сәйкес ТМД Біріккен Қарулы Күштерінің Бас қолбасшылығы құрылды. Ол 1993 жылдан бері ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің әскери ынтымақтастығын үйлестіру штабы деп аталады.
2001 жылғы наурызда ғарыш әскерлері (орыс.)қаз. негізі қаланған.
2007 жылы 15 ақпанда Анатолий Сердюков Ресей қорғаныс министрі болып тағайындалды. Сердюков министрлігі кезінде Ресей Қарулы Күштерінің түбегейлі реформасы басталды, оларға «жаңа келбет» берілді. 2008 жылғы тамызда Грузиядағы соғыс реформалау шешімін жылдамдатқан себептердің бірі болды. Сердюков 2008 жылы 14 қазанда Ресей Қорғаныс министрлігі алқасының жұмысын аяқтағаннан кейін реформаның басталғанын ресми түрде жариялады. Өзгерістер Ресей Қарулы Күштерінің барлық негізгі элементтеріне әсер етті.
2022 жылғы ақпанда Ресей әскерлері Украинаға басып кірді. Оған байланысты Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі ЕО-ның санкциялар тізіміне енгізілді.[2] 2022 жылғы 3 наурызда Қорғаныс министрлігі АҚШ-тың санкциялық тізімдеріне енгізілді.[3] 2022 жылғы 10 наурыз ол Канаданың санкциялар тізіміне де енгізілген.[4] 2022 жылғы 19 қазанда министрлік «2022 жылғы 24 ақпанда Ресей әскерлерінің Украинаға жан-жақты басып кіруіне жауап ретінде» Украинаның санкциялар тізіміне енгізілді.[5] Ол ұқсас себептермен Бельгия, Франция және Швейцарияның санкциялық тізімдерінде көрсетілген.[6]
Министрлер тізімі
Министрдің міндетін орындаушысын білдіреді
Дереккөздер