Қызыл қалқанның ішінде екі қанатын қарама-қарсы бағытта ашқан екі басты алтын қыран бейнеленген, екі басы да Императорлықтәж киген, оң аяғы скипетр, сол аяғы держава ұстап тұр; екі тәжді үстінде бейнеленген үлкен тәждің таспасы байланыстырып тұр; қыранның денесінің үстінде тағы бір қызыл қалқан бейнеленген, ол жерде ат мінген Әулие Георгийдің айдаһарды өлтірудегі бейнесі
Авторлық ұжым
Евгений Ухналёв
Ресей Елтаңбасы (орыс.Герб России), ресми түрде Ресей Федерациясының Елтаңбасы (орыс.Герб Российской Федерации) — Ресей туы және әнұранымен қатар Ресейдің мемлекеттік рәміздерінің бірі. Оның дизайны Ресей Империясының бұрыңғы елтаңбаларының дизайндарына негізделген.[1]
Сипаттамасы
Елтаңбаның екі басты элементтері (екі басты қыран мен ат мінген Әулие Георгий) орыс халқымен Ресей тұңғыш патшасы I Пётрдан да бұрын қолданылады деп есептеледі.
Елтаңбаның қазіргі дизайнын Евгений Ухналёв жасаған; ол 1993 жылы 30 қараша күні Ресей Президентініңуказымен қабылданған еді.[2]
Қазіргі дизайнында қыран киген екі тәж Ресейдің бірлігі мен егемендігін білдіреді. Екі аяғы ұстаған скипетр мен держава — геральдиканың дәстүрлері бойынша биліктің символы болып келеді. Скипетрдің ұшында елтаңбаның өзі бейнеленген, осының нәтижесінде Ресей Елтаңбасы — Дросте эффектісінің мысалы бола алады. Ресей — монархиялы мемлекет болмағанымен, елтаңбада монархисттік символдарды байқауға болады.
Қолданылуы
Елтаңба Ресей паспорттарында, мемлекеттік ғимараттар сыртында, Ресей Президенттік штандартында, Қарулы Күштер баннерінде және 2016 жылдан бастап рубль сыртында бейнеленген.