Николас Поппе (Николай Николаевич Поппе) (1897 – 1991) — орыс шығыстанушысы, тілтанушысы, Алтай тілдері, моңғолтану және түркология маманы. 1897 жылғы тамыздың 8-інде Қытайда орыс дипломатиялық қызметшісінің отбасында туған. 1920 жылдан бастап Қазіргі заманғы шығыс тілдері институтында ұстаздық қызметін бастады. 1923 жылдан бастап Ленинград университетінде профессор. КСРО Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі (1932). 1926 жылдан бастап КСРО Ғылым Академиясының моңғолтану комиссиясында жұмыс істеген. Кеңес-фин соғысына қатысты. 1944 жылы Германияға өтіп кетті, 1949 жылдан бастап АҚШ-қа қоныс аударды. Сиэттл қаласындағы Вашингтон университетінің профессоры болған. Алтай тілдері, моңғол және тұңғыс-маньчжур тілдерінің грамматикасы мен салыстырмалы зерттеулеріне бағышталған 240 ғылыми еңбектің авторы. 1961 жылы қайтыс болған Борис Шнитниковтың аяқталмай қалған қазақша-ағылшынша сөздігін толықтырып, баспаға әзірлеп шығарды, алғысөзін жазды.