Оңтүстік-Шығыс Азия ойындары — Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген спортшылар арасында екі жыл сайын өткізілетін спорт жарыстары. Ойындар Оңтүстік Азияның Ойын Федерациясымен Азия Олимпиадалық Кеңесінің және Халықаралық Олимпиадалық Комитеті ұйымдастырылған.
Тарихы
Оңтүстік-Шығыс Азия ойындары «Оңтүстік-Шығыс Азия түбегінің ойындарынан» «өсті». 22 мамыр 1958 жылы 3-ші Азия ойындарына Токиода қатысқан Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен делегаттары, кездесу ұйымдастырды және жаңа спорттық ұйым құру туралы шешім қабылдады. Оңтүстік-Шығыс Азия түбегінің ойын концепциясын Лаунг Сукхумнаипрадит ұсында, кейінірек Таиланд Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті болды: аймақтық спорт жарыстары Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты және өзара түсінушілікті дамытуға көмектеседі..
Негізін қалаушы елдер Тайланд, Бирма, Малай Федерациясы, Лаос, Оңтүстік Вьетнам және Камбоджа (Кейінірек, Малайзиядан бөлінгеннен кейін оларға Сингапур қосылды). Бұл елдер Оңтүстік-Шығыс Азияның түбегіндегі ойындар федерациясын құрып, екі жыл сайын ойын өткізуге келісті.
Бірінші Оңтүстік-Шығыс Азия түбектері ойындары 12-17 желтоқсан аралығында 1959 жылы Бангкокте өтті, Тайланд, Бирма, Малайзия, Сингапур, Оңтүстік Вьетнам мен Лаостың, 12 түрлері бойынша бәсекелескен 527 спортшы мен ресми өкілін жинады.
Оңтүстік-Шығыс Азияның түбегінің 8-ші Ойындарында, 1975 жылы өткізілген, Федерацияға Индонезия және Филиппиндерді қабылдау туралы мәселе көтерілді. Ресми түрде бұл елдер Федерацияға сол жылы 1977 жылы қосылды, Оңтүстік-Шығыс Азия түбектері ойындары Оңтүстік-Шығыс Азия ойындары деп ауыстырылды, ал Оңтүстік-Шығыс Азия түбегінде Ойындар федерациясы — «Оңтүстік-Шығыс Азия ойындары федерациясына». 10-шы Ойындар кезінде Федерация Бруней және 22-ші Ойындарда — Шығыс Тимор.
Қатысушы елдер
Ойындар тізімі
Дереккөздер
Сілтемелер
Үлгі:Оңтүстік-Шығыс Азия ойындары