Ортометриялық биіктік

Ортометриялық биіктік - мәлім нүктеден геоид бетіне дейінгі қашықтыққа тең абсолют биіктік. Бұл қашықтықты анықтау үшін мәлім нүкте мен геоид беті арасындағы тік сызық бойындағы ауырлық күшінің үдеуін білу қажет. Биік деңгейлерде орналасқан нүктелер үшін оны анықтау көп қаржыны қажет ететін арнайы жұмыстарды жүргізбейінше мүмкін емес, сондықтан іс жүзінде ортометриялық биіктіктер орташа деңгейлік бетте орналасқан нүктелер үшін ғана анықталуы мүмкін. Мұндай нүктелер үшін ортометриялық биіктіктер қалыпты және жуық абсолют биіктіктерге тең.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!