Орман қарақасы – ұсақ (ұзындығы 8-13 см, құйрығы 6-12 см) қарақас тұқымдасының кеміргіші.
Денесінің жоғарғы жағы сарғыш қоңыр, төменгі жағы ақшыл түсті, ұзын үлпілдек құйрығы оны кішкентай тиінге ұқсатады. Ал көздері арқылы қара жолақ өтеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан тауларындағы ағаштар мен бұталы тоғайларды қоныстайды. Жаңа өсімдіктен екі шығу тесігі бар, ішіне жүн мен мамық төсеген, шар тәрізді ұя салады. Ұясында 2-8, көбіне 4-5 соқыр ұрпағын дүниеге әкеледі. Түнде, ымыртта белсенді, күндіз ұйықтайды. Жеміс-жидектермен қоректенеді. Жемісті бақтарда зиян келтіруі мүмкін.[1]
Дереккөздер
- ↑ Анатолий Федорович.Виктория Анатольевна "Қазақстандағы жануарлар әлемі" энциклопедиясы — Алматыкітап баспасы, 2012