Орал балық комбинаты – тамақ өнеркәсібі орны. 1930 жылы балық аулайтын артельдерді біріктіру негізінде құрылған. Негізінен балық аулаумен және оны өңдеумен, сондай-ақ тоғандарда балық өсірумен айналысады. Комбинатта жылына 1200 – 1300 т балық ауланады, 400 т балық кептіріліп-ысталады. Тоғаннан 300 – 400 т балық өндіріледі. Балық негізінен Шалқар, Жалтыркөл, Қамыс-Самар көлдерінен және Жайық өзенінен ауланады.
[1]