Николас Мадуро (Үлгі:IPA-es; 23 қараша 1962 жыл) — Венесуэла президенті. Уго Чавес қайтыс болғаннан кейін Уго Чавестің ізбасары Николас Мадуро Венесуэланың сайланған президенті болып жарияланды: 2013 жылы 14 сәуірде өткен сайлауда Басқарушы күштердің кандидаты болған Мадуро сайлаушылардың 50,75 пайыз дауысына ие болды, ал оның қарсыласы оппозиционер Энрике Каприлес 48,49 пайыз жинады.[1]
50 жастағы Мадуро сайлауға Чавестің мирасқоры ретінде қатысты. Саясатқа араласқанға дейін ол Каракастағы метро жүйесінде тер төккен. Мадуро Чавеспен танысқан соң, жоғары білімі болмаса да, Венесуэлада бірқатар маңызды мемлекеттік қызметтерді арқалады. Чавес 2012 жылдың желтоқсанында хирургиялық ота жасау үшін Кубаға жасаған сапары барысында Венесуэла азаматтарын Мадуроға дауыс беруге шақырды.