Басқа мағыналар үшін Николаевка деген бетті қараңыз.
Николаевка — Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданындағы ауыл, Николаев ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны
Аудан орталығы – Явленка ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 43 км-дей жерде, Есіл өзенінің сол жағасына таяу орманды дала белдемінде орналасқан.
Халқы
1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 2076 адам (1016 ер адам және 1060 әйел адам) болса, 2009 жылы 1603 адамды (792 ер адам және 811 әйел адам) құрады.[1]
Тарихы
Іргесін 1894 жылы Ресейдің Самар губерниясынан қоныс аударған шаруалар қалаған. 1929–1996 жылдары кеңшар және ауылдық кеңестің орталығы болып келді. 1996 жылдан ауылда ӨК, ет, сүйек ұнын өндіретін зауытт жұмыс істейді. Ауыл маңында ерте темір және қола дәуіріндегі “Қауыркөл”, “Қарабұлақ”, “Николаевка-1”, “Николаевка-2”, “Жаңабай”, т.б. көне қорғандар орны сақталған.
Дереккөздер