Низам әл-Мүлік, Әбу Әли әл-Хасан ибн Әли ибн Исхак ат-Туси (Қазан, 1017/18, Хорасан, Тус қаласы – 14.10.1092, Нехавенд маңы) – орта ғасырдағы саяси қайраткер, ғалым. Салжұқ мемлекетінде 1063 жылдан Алп Арсланның, 1072 жылдан Мәлік шахтың уәзірі болған. Бір орталыққа бағындырылған күшті өкіметті жақтаған Низам әл-Мүлік “елде тәртіп орнатушы” атанды. Низам әл-Мүлік Бағдадта діни-заң мектебін ашты. Ол өз көзқарасын “Сиясет-наме” (басқа атауы “Сират ал-мулук”) атты 51 тараудан тұратын еңбегінде баяндаған. Мұнда 11 ғасырдағы Орталық Азия тарихына қатысты маңызды мәліметтер кездеседі. Шығарма парсы, француз, орыс, неміс, ағылшын тілдеріне аударылып, бірнеше рет жарық көрген.[1]
Шығармалары
- Сиасет-намэ. Книга о правлении везира 11 столетия Низам аль-Мулька, М.–Л., 1949;
- Источники и история народов Узбекистана древние и средневековье, Таш., 1991.
Дереккөздер