Нарын терегі - Нарын құмының құбылмалы табиғатына бейімделіп ескен ақ терек туысына жататын ағаш. Тамыры арқылы да, тұқымы арқылы да көбейеді. Құм аралығындағы шұраттарда, биіктеу, төбелі жерлерде тырбықтау болып өседі. Жерасты суы тайыз жерде жақсы дамиды. Биіктігі 15 м-ге дейін жетеді. Шоқбасы ауқымды, жеке өскенде бұтақты болып келеді. Нарын құмының табиғатына өте төзімді және көшпелі құмды тоқтатуда таптырмайтын ағаш.[1]
Дереккөздер
- ↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002
ISBN 9965-607-02-8