Нарын (Бұғылыөзек) каналы – Атырау облысының Махамбет және Исатай аудандары жеріндегі суғару жүйесі.
Гидрологиялық сипаты
Ұзындығы 140 км, секундына 5 м3 су өткізе алады. Жайық өзенінен Ақтоғай ауылының тұсынан бөлініп шығып, Нарын құмды алқабындағы Әбдір қыстауы маңында құмға сіңіп кетеді. Жоғарғы және орта ағысында суы егіншілікке, шабындық суландыруға пайдаланылады.[1]
Дереккөздер