Нант университеті (фр.Université de Nantes) - Францияда орналасқан ең ірі оқу орындарының бірі. Студенттер саны бойынша екінші орында саналады (Париж I университетінен кейін). 2005–2006 жылдары мұнда 33000 студент оқыған.[1]
Тарихы
Нант университеті 1460 жылдың 4 сәуірі күні Франциск II Бретонскийдің бастамасымен құрылды. Studium generale формасында құрылған университет сол кездегі бірнеше мамандықтарды оқытатын еді. Олар: теология, канондық құқық, азаматтық құқық, медицина және өнер.
факультеті король шешімі бойынша 1735 жылдың қазанында жабылады. 1793 жылдың тамызында университет мүлдем жабылып қалады. Оны бірнеше басқа жоғары мектептер алмастырады.
1961 жылы университет өз жұмысын қайта бастайды. 1962 жылы жаңадан үш факультет қосылады: нақты ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар және құқық.
Нант университетінің факультеттері мен жоғары мектептері
Құқық, экономика және басқару факультеті заң факультеті) Faculté de Droit et Sciences économiques et de gestion (Faculty of Law).
Денсаулық сақтау факультеті (медициналық факультет) Faculté de Sciences (Faculty of Sciences).[2]
Жаратылыстану ғылымдары факультеті (Faculté de Sciences).
Тілдер факультеті (Faculté de Langues).
Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультеті (Faculté de Lettres et Sciences Humaines).
МСК (IUT).
Жоғары политехникалық мектеп (École Polytechnique de Nantes).