Мұхаммед Башшаро мазары

МҰХАММЕД БАШШАРО МАЗАРЫ

МҰХАММЕД БАШШАРО МАЗАРЫ – ортағасырлық сәулет өнерінің ескерткіші. Зеравшан өзені бойындағы сопы әулие Мұхаммед Башшароның (8 – 9 ғасырларда өмір сүрген) құрметіне 11 – 12 ғасырлар шамасында салынған. Тәжікстан Республикасы, Пенжікент қалсынан 25 км қашықтықтағы Мазари Шариф мекенінде орналасқан. Үш бөліктен тұратын мазардың аум. 2515,5 м. Орт. зал және екі бұрыштық бөлме бар. Құрылыстың орт. бөлігі оңт.-батысқа қарай созылып, кішігірім бөлмемен жалғасқан. Онда жер асты мешіті (қылует) мен шағын бөлме орналасқан. Ол бөлмеде шикі саз балшықтан өрілген михраб орналасқан. Мазардың орт. бөлігі шаршы тәріздес салынып, жоғ. жағы орт. күмбезбен қапталған. Күмбездің жалпы диам. 7,6 м. Күмбез үшкірлене өріліп, сегіз қырлы тақтайша таспен аяқталған. Орт. залдың қабырғаларында ішкі ойықтар кездеседі. Қабырғадағы ойықтар, қызыл кірпішті “шырша тәріздес” қалау тәсілі бойынша жасалынған. Орт. залдың екі қанатында кіші көлемдегі бөлмелер орналасқан. Ол бөлмелер орт. залмен “Г” әрпі тәріздес жолдар арқылы байланысқан. 11 – 15 ғ-ларда М. Б. м-на көптеген өзгертулер енгізіліп, қосымша құрылыстар салынды. Мазар әр түрлі тас тақтайшалармен безендірілді, мешіттік қызметтегі бөлмелер қосылды. Қосымша құрылыс жүргізілген жылдар құрылыста аталып отырды. Сондай мерзімнің бірі – 1342 – 43 жылдарға сәйкес келеді.

Сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

МҰХАММЕД БАШШАРО МАЗАРЫ(қолжетпейтін сілтеме)

Пайдалан?ан ?дебиет

1. ?аза? энциклопедиясы, 6 том.

Толы?тыру

Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!