Мұхаммед Байтұрұлы Шадқам

Шадқам Мұхаммед Байтұрұлы (1948 жылы туған, Иран, Гонбет-Каус) – заң қызметкері. Тегеран университетінің заң және саяси ғылымдары факультетін (1974) бітірген. 1979 жылдан ағартушылық қызметпен айналысады. Әр түрлі басылымдар арқылы, әсіресе «Отан» қоғамының газеті мен кітаптары арқылы қазақ әдебиетімен танысты. 1970 ж. шыққан 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін», Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін парсы тіліне аударды. «Қазақ тарихына қысқаша шолу» кітабы «Мақтұмқұлы» баспасынан, Қожа Ахмет Иасауидің парсы тіліндегі «Диуани хикмет» аудармасы «Элһода» баспасынан жарық көрген. Шадқам көптеген ғылыми, қоғамдық-саяси және құқық туралы мақалалар жазумен қатар, қазақтың қысқа әңгімелерін аударып аймақтық, республикалық газеттерде жариялаған.[1]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!