Мұрат Әбікенұлы Мұхаметжанов (24.11.1936 жылы, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылы) – геология-минералогия ғылымдарының докторы (1997). Қазақ тау-кен және металлургия институтын (1960, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. ҚР ғылым академиясының Геология ғылыми-зерттеу институтында аға лаборант, аға, жетекші ғылыми қызметкер (1960–91), ҚР ғылым академиясының Гидрогеология және гидрофизика институтында хатшы, лаборатория меңгерушісі (1991–2001), ҚР Ұлттық ғылым академиясының Бас ғалым-хатшысы (2001) қызметтерін атқарды. .[1] «Теоретические и методические основы гидрогеологического прогноза и поисков месторождений нефти и газа, промышленных, термальных и минеральных вод подсолевых отложении Прикаспийской впадины» деген тақырыпта докторантуралық диссертация қорғады. 130-дан астам ғылыми жарияланымның, оның ішінде 9 монографияның авторы.[2]
Дереккөздер
- ↑ Теоретические и методические основы гидрогеологического прогноза и поисков месторождений нефти и газа, промышленных, термальных и минеральных вод подсолевых отложении Прикаспийской впадины
- ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Cілтемелер