Мұрат Наурызғалиұлы Сыдықов (5.1.1956 жылы туған, Орал қаласы.)
— ғалым, тарих ғылыми докторы
(1996), професор (1999). 1987 ж.
ВЦСПС Жоғары кәсіподақ мектебінің аспирантурасын бітірген.
1988 жылдан Орал педагогикалық институтында аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, тарих факультетінің деканы болды. 1994-1999 ж. Қазақстан YFA.
Тарих және этнология институтында,
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде
қызмет істеді. 2000 жылдан Еңбек және әлеуметтік қарым-қатынастар акададемиксының Орал филиалының қызметкері, сондай-ақ
«Ақ жол» ғылым мен білімді
қолдау және дамыту жөніндегі
қоғамдық қордың президенті.
Облыстың археол. орталығының
басшысы ретінде қазба жұмыстарын ұйымдастырды. 50-ден
аса ғыл. еңбек, соның ішінде
2 монография жазған.
Шығармалары:
- Население Западного Казахстана (1898-1989), А., 1995;
- Формирование населения Западного Казахстана в 18-19 веках, А., 1996.[1]
Дереккөздер
- ↑ Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002
ISBN 9965-607-02-8