С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің
заң факультетін (1990) заңгер мамандығы бойынша;
Бүкілресейлік қаржы-экономикалық институтының қаржы- экономикалық факультетін (1999) экономист мамандығы бойынша бітірген.
1990 жылдың тамызынан - Қызылорда қаласы прокуратурасының тергеушісі. 1990 жылдың қарашасынан - әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің мемлекет және құқық теориясы кафедрасыныңассистенті. 1993 жылдан - ҚР Жоғарғы Кеңесі заңнама бөлімінің аға кеңес берушісі. 1994 жылдан - «Олимпия-экспресс-Алматы» БК бас директорының орынбасары. 1995 жылдан - ҚР Халық банкі заң департаментінің қызметкері, 1998 жылдан - басқарма бастығы, заң департаментінің директоры. 2004 жылдан -
ҚР Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау агенттігі заң департаментінің директоры.
2007 жылдың тамызынан бері - ҚР Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және бақылау агенттігі төрағасының орынбасары.