Мэри Артур Макэлрой (ағылш. Mary Arthur McElroy; 5 шілде 1841 — 8 қаңтар 1917) – Америка Құрама Штаттарының 21 президенті Честер Артурдың әпкесі және 1881-1885 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы. Ақ үйдің қожайының міндеттерін президенттің әйелі – Эллен Артурдың қазасының кесірінен атқарды.
Өмірбаян
Мэри Гринвич, Нью-Йоркте Уильям мен Мальвина Артурдың отбасында дүниеге келді. Ол тоғыз баланың ішінде ең кенжесі болған. Эмма Уиллардтың мектебінде Нью-Йоркта оқыған. 1851 жылы Мэри сақтандыру агенті Джон МакЭлройге тұрмысқа шығады. Олбаниде тұрған жұбайлардың төрт баласы болды.
1880 жылы Мэридің ағасы, Честер АҚШ-тың вице-президенті болып тағайындалды. 1881 жылы президент Джеймс Гарфилд қатты жараланған болатын. Артур оның ізбасары болды. Ол Мэриді оның кіші қызы Элленді тәрбиелеуді және Бірінші ханымның міндеттерін орындауды сұрады. Мэри МакЭлройдың отбасысы Олбаниде тұрғандықтан, ол Вашингтонда тек қыз кезінде, ең дүбірлі кезінде тұрды. Мэри ресми түрде Ақ үйдің қожайыны болмаса да, ол танымал болды. Мэри мен ағасы құрған хаттамалардың сызбалары басқа Бірінші ханымдармен болашақта да қолданылған.
МакЭлрой көптеген іс-шараларды ұйымдастырып, бұрыңғы Бірінші ханымдарға үлкен құрмет көрсетті. Ол Джулия Тайлер мен Харриет Лэйнді (Джеймс Бьюкененнің немере жиені) Ақ үйде қонақтарды күтуге көмектесуге шақырған. 1885 жылы 28 ақпанда оның соңғы кеші өтті. Бұл іс-шараға 3000 адам келді.
Мэри «Әйелдердің сайлау құқықтарына қарсы Олбани қауымдастығының» мүшесі болды.
Өмірінің соңы
Мэри МакЭлрой 1817 жылы 8 қаңтарда Олбани, Нью-Йоркте қайтыс болды.
Сілтемелер