1946 — 1976 жылдары оқу-ағарту және баспасөз салаларында қызмет атқарды.
Шығармашылығы
Шығармалары 1948 жылдан жариялана бастады.
1958 жылы “Новый мир” журналы “Қарақұмда” повесін басып шығарды. Жазушы шығармаларының бас тақырыбы — Қазақстан, Ресей, Орталық Азия және Таяу Шығыстың тарихы мен ежелгі мәдениеті болды. Классик ақындар Мақтымқұлы мен Омар һайямның өмірі жөнінде
“Фрагидың арбауы” (1960)
“Қажы һайям” (1965)
ортағасырлық Египет пен Мысыр патшасы Бейбарыс сұлтанның өмірі жайында “Емшан” (1966)
“Кавад патшаның тарихы” (1968) повестерін
“Маздақ” тарихи романын (1968) жазды.
Симашко шығармаларының басты кейіпкерлері — нақты тарихи тұлғалар: сиқыршы-дуагер Маздақ, Кавад-патша, патшаның шежірегері Авраам, т.б. оқиғалар Византия, Тұран, Иран жерлерінде өтеді.
Қазақстандағы төңкеріс тақырыбына арналған “Комиссар Жангелдин” (1978)
Ы.Алтынсариннің ағартушылық қызметін сипаттаған “Қоңырау” (1982)
18 ғасырдағы Ресейдегі тарихи оқиғалар мен әйел патша Екатеринаның бейнесін суреттеген “Семирамида” (1988) романдары жарық көрді.
“Дала комиссары” (1977, Ә.Әлімжановпен бірге) пьесасы Орта Азия мен Қазақстан театрларында қойылды.
Симашконың сценарийлері бойынша
“Дашқаладағы оқиға” (1964)
“Қарақұмда” (1965)
“Бейбарыс” (1989)
“Гу-га” (1989) кинофильмдері түсірілді.
“Әдеби сюжеттер” автобиогр. жинағында ол Украинада өткен балалық шағы мен 33-жылдардағы ашаршылық, 1937 ж. әкесінің тұтқындалуын, 47-жылдағы құрғақшылық, т.б. жайттарды шынайы бейнеледі.
“Киелі жерге сапар” — күрделі публицист. шығарма.
1948 — 2000 жылдары аралығында жазған “Ашхабат — Алматы — Мәскеу — Бат-Ям” шығармасында шығарм. өмір жолын еске ала отырып, әр туындысының жазылу тарихын, мазмұнын баяндаған.
Соңғы шығармасы “Төртінші Римді” ол Израильде жазып, Қазақстанға қайтыс боларының алдында жіберген.
І.Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясын (1986)
Ғ.Мүсіреповтің “Жат қолында” романын, Ө.Қанахин, Т.Әлімқұлов, Д.Досжанов, т.б. шығармаларын орыс тіліне аударған.
Марапаттары
Симашко медальдармен марапатталған. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын (1986) алған.[1]