Ми сауыты (лат.cranium cerebrale, cranium — бассүйек, лат.cerebrum — ми, көне грекше: s. neurocranium, neuron — жүйке жасушасы, нейрон) — ми қорабының қабырғасын түзетін бас қаңқасының сүйектері. Олар 4 жүп және 4 тақ бас сүйектерден тұрады. Жүп сүйектерге: самай сүйек, төбе сүйек, мандай сүйек және қанатша сүйек, ал тақ сүйектерге:шүйде сүйек, сынаша сүйек, торлы сүйек және төбеаралық суйек жатады. Аталған сүйектер бір-бірімен түтаса байланысады. Ми сауытының төбесін — мандай,
төбе және төбеаралық сүйектер, оның бүйір қабырғаларын — самай сүйек, ал алдыңғы қабырғасын — торлы сүйек құрайды. Шүйде және сынаша сүйектер ми сауытының төменгі негізін және артқы қабырғасын жасайды. Сүйектік ми сауыты миды сыртынан қаптап,
қорғап тұрады.[1]
Дереккөздер
↑Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9