Меркатордың көлденең проекциясы - жер шарының тең бұрышты көлденең-цилиндрлік проекциясы. Шардың меридиандарының бірі осьтік меридиан деп қабылданып, жазықтың бетінде абсцисса осі болып белгіленеді де, бас масштаб сақталады; конформды проекция. Меркатордың көлденең проекциясында экватор мен орта осьтік меридианндік 90°-тағы меридиандар түзу сызықтармен бейнеленеді. Меркатордың көлденең проекциясында масштаб осьтік меридианнан алыстаған сайын үлкейе береді. Бұл проекция меридиан бойымен созылып жатқан аумақтардың карталары үшін қолданылады.
Меркатордың проекциясы
Меркатордың проекциясы - эллипсоидтің немесе шардың түзу тең бұрышты цилиндрлік проекциясы. Меркатордың проекциясында меридиандар теңаралықтағы параллель түзулермен, ал параллельдер меридиандар сызықтарын перпендикуляр бір-біріне параллель сызықтармен бейнеленген ендіктер айырмашылықтары тұрақты болған жағдайда параллельдер сызықтарының арасындағы қашықтықтар экватордан полюстерге қарай алыстаған сайын ұлғая береді. Екі полюс те түзу сызықтармен бейнеленеді. Меркатордың проекциясындағы жеке масштабтар бағыттарға тәуелді болмай, тек нүктелер ендіктерінің функциясы болып табылады.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6