Мамет Дэвид Алан (30 қараша, 1947, Чикаго, Иллинойс, АҚШ) - американдық драматург, режиссер және сценарист. [1]
1973 жылы Чикагодағы Сент-Николас театрының негізін қалады. Алғаш «Сексуальные перверсии в Чикаго» (1974) пьесасы арқылы оқырман назарын өзіне аударды. Одан кейін бірін соң бірі «Американский буйвол» (1977) және «Гленгарри Глен Рос» (1983) атты тамаша туындылары жоғары бағаға ие болды.
Жұрттың есінде өткір сөйлеуімен, әдепсіз әрекеттерімен, отбасы құндылықтарына қатысты жағымсыз қатынастарымен қалды. Кейіпкерлерін жасап шығару үшін күнделікті өмірде сөйлеу ырғағымен тілдік шапшаңдығын өзгертіп, солардың кейпіне енетін. Түсініксіз туыстық қатынастарды суреттеп, драматургиялық тұрғыда тез өсті.
“Оленна” (1992), “Криптограмма” (1994), “Неприкасаемые” (1986) пьесаларының авторы, сондай-ақ “Ойын үйі” (1987), “Кадр сыртындағы өмір” (2000) фильмдерінің сценариінің авторы және режиссері.
Дереккөздер
- ↑ «Britannica настольная энциклопедия» Том I. АСТ-Астрель. Мәскеу, 2006 жыл. ISBN 978-5-17-038532-4 (Т.1) (АСТ). ISBN 978-5-271-15120-0 (Т.1) (Астрель)