1871 жылыПариж Коммунасына белсене қатысты. Коммуна құлағаннан кейін тұтқындалып, әскери соттың үкімімен 1873 ж. Жаңа Каледонияға жер аударылды.1880 жылыФранцияға оралып, жұмысшы қозғалысына араласты. П. А. Кропоткинді жақтап, анархистер идеясын насихаттады. Өмірінің соңғы жылдарында Ресейдегі революциялық қозғалысқа көңіл бөліп, Ресейде басталған революцияны құттықтады. Луиза өзінің әдеби шығармаларында буржуазиялық мораль, буржуазиялық отбасыны қатаң сынға алды.[1]