1958 жылы 28 мамырда РКФСР Алтай өлкесі Мамонтов ауданының Малые Бутырки ауылында туған. Неміс.
Анасы - Эндерс Эмма Германовна, зейнеткер, ұжымшарда жұмыс істеген.
Қостанай педагогикалық училищесін (1977) бастауыш сынып мұғалімі мамандығы бойынша; Қостанай педагогикалық институтының тарих және педагогика факультетін (1991)
тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген.
«Біз және біздің балаларымыз», «Білім беру сапасының мониторингі», «Мектеп алдындағы дайындыққа 5 жыл - проблемалар, ізденістер, шешімдер», «Жаңа ұрпақ оқулықтары - мәселелері, ізденістер, шешімдер», «Мектептің денсаулық сақтау ортасы бастауыш мектеп оқушысы тұлғасын дамытудың құралы ретінде», «Мүмкіндіктер
шектеулі балаларды оқыту және тәрбиелеумен дамуын ұйымдастырудың оңтайлы шарттарын құру», «Жалпы білім беретін мектептегі этнотолерантты ортаны құрудың бағдарлары» мақалаларының авторы.
Тұрмыс құрған. Жұбайы - Сарычев Виктор Иванович (1956 жылы туған), күзет мекемесінде жұмыс істейді. Қыздары - Васильева Елена Викторовна (1978 жылы туған), Устинова
Надежда Викторовна (1981 жылы туған).[1]
Дереккөздер
↑Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2