Ленин ауданы — Қазақ АКСР-нің Ақмола округінде 1928-1930 жылдары болған әкімшілік бірлік. Орталығы — Оксановское ауылы.
Тарихы
Ленин ауданы 1928 жылы Ақмола округінің құрамында Ақмола губерниясы Ақмола уезінің Воров және жартылай Санников болыстарының негізінде, сондай-ақ сол губерниядағы Атбасар уезінің Совет болысының бір бөлігінен құрылды. 1930 жылы аудан таратылып, аумағы Ақмола, Атбасар және Сталин аудандары арасында бөлінді.
Дереккөздер