Көлденең жолақты қарашұбар жылан

Көлденең жолақты қарашұбар жылан
Ғылыми топтастыруы
Дүниесі: Жануарлар
Жамағаты: Хордалылар
Табы: Бауырымен жорғалаушылар
Сабы: Қабыршақтылар
Кіші сабы: Жыландар
Тұқымдасы: Colubridae
Тегі: Coluber
Түрі: C. karelini
Екі-есімді атауы
Coluber karelini
Brandt, 1838

Көлденең жолақты қарашұбар жылан (лат. Coluber karelini) – қарашұбар жыландар туысына жататын түр. Қазақстанда Каспий және Арал теңіздерінің аралығы, сондай-ақ Қызылқұм мен Мойынқұмда кездеседі. Дене тұрқы 70 см-дей, құйрығы 20 – 25 см. Жылдың 6 – 7 айында белсенді. Ыстық кезде жемін кешке қарай немесе түнде, қалған кезде күндіз аулайды. Майда кемірушілерді, балапандарды, сирек ұсақ кеміргіштерді қорек етеді. Жемін денесімен буындырып немесе жаншып өлтіреді. Жылына 1 рет 4 – 9 жұмыртқа салады. Көлденең жолақты қарашұбар жылан – усыз жылан, бірақ шаққан жері ауырады.[1]

Дереккөздер

  1. Қазақ Энциклопедиясы


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!