Кіші Әжболат – Үлкен Әжболат көлі алабындағы ағынды көл.
Географиялық орны
Павлодар облысы Успен ауданы Лозовое ауылының оңтүстік-батысында 12 км жерде орналасқан. Теңіз деңгейінен 93 м биіктікте жатыр.
Гидрографикасы
Аумағы 7,7 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 2,8 км, жағалау бойының ұзындығы 11 км. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Суы тұзды. Жазда су айдыны тартылып, жағалауы батпақты келеді. Қараша айында суы қатып, сәуірде ериді. Жанындағы Құлақсор, Осолодочное көлдерімен тармақтар арқылы жалғасып жатыр.