Кіші Қосқопа – Сарықопа көлінің алабындағы тұзды тұйық көл.
Географиялық орны
Қостанай облысы Науырзым ауданы жерінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 111 м биіктікте.
Гидрографикасы
Аумағы 6,8 км 2, ұзындыңы 4 км, енді жері 3 км. Жағалау бойының ұзындығы 11,2 км. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Жазда айдынының көп бөлігі тартылып, шалшықты көлге айналады. Суы желтоқсанда қатып, сәуірде ериді.
Жағалау сипаты
Жағалауында қалың қамыс, құрақ өскен. Көл түбі лайлы. Кейбір бөліктерінде тұз тұнбалары шөккен. Кейбір жылдары айдынында суы тартылып, батпақты сорға айналады. Жағалауы – шабындық.[1]
Дереккөздер
- ↑ АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5