Кіші Қоскөл – Есіл алабындағы көл.
Географиялық орны
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Антоновка ауылының оңтүстігінде орналасқан. Теңіз деңгейінен 275 м биіктікте.
Гидрографикасы
Аумағы 9 км2, ұзындығы 4 км, енді жері 2,7 км, жағалау бойының ұзындығы 11 км. Оңтүстік жағалауға жақын бөлігі көктеректі-қайыңды шоқ тоғайлармен көмкерілген, қалған бөлігі ашық, жағасында қамыс, құрақ өседі. Суы тұзды. Көктемгі еріген қар және жер асты суларымен толысады. Қарашада суы қатып, сәуірде ериді. Мал суаруға пайдаланылады.