Кіші ТАҒАНАҚ (Lanius minor) - маңдайы қара, ашық сұр реңді едәуір ірі денелі (45-60 г) тағанақ.
Биологиялық сипаттама
Басқа тағанақтардан гөрі ағашқа үйір, қомақты жақсы жылы қалыпқа келтірілген ұясын көбінесе, әсіресе елді мекенде, ағаш басына биігірек орналастырады. Қылығы және дауысы басқа тағанақтардікіндей. Салындыдағы 4-8 қоңыр және сұр теңбілді жасылдау жұмыртқаларды аналық басады, оны аталығы мезгіл-мезгіл алмастырып, қоректендіреді, қорғайды. Балапандарды ата-енелері бірлесіп жемдейді. Басқа тағанақтар сияқты кіші тағанақ та азық қалдығын тікенектерге шаншып қояды. Әрқашан жұптасып немесе жалғыз-жалғыздан болады, балапандары ұядан ұшқан соң да топ түзбейді.
Таралуы
Қазақстанда мамырдың ортасынан қыркүйектің ортасына дейін болады. Африкада қыстайды.
Дереккөз
1. Мектеп энциклопедиясы. Алматы: Атамұра, 2010.
- ↑ BirdLife International Lanius minor. IUCN Red List of Threatened Species. Version 2013.2. International Union for Conservation of Nature (2012). Тексерілді, 26 қараша 2013.