Кіші Бергіел, Кіші Берел – Алтайдағы Қатын жотасының оңтүстік беткейіндегі аңғарлық мұздық. Бұқтырма алабындағы Ақ Берел өзенінің бастауында; 3830 м биіктіктен басталады, қарлы жиегі 2810 м-ден өтеді.
Аумағы
Ұзындығы 8,3 км. Жалпы аумағы 6,5 км2, көлемі 0,37 км3. Орташа қалыңдығы 80 м. Мұздық жылдан-жылға қысқаруда.[1]
Дереккөздер
- ↑ АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. – 648 бет. ISBN 9965-893-70-5