Константин Антонович Вернер (21,02,1850, Подольск губерниясы - 13.08.1902, Мәскеу) – Батыс-Сібір генерал-губернаторының ерекше тапсырмалар жөніндегі чиновнигі, лауазымды кеңесшісі.
1892 ж. Абаймен кездесіп, ақынмен бірге Семей облысыныңБақанас, Балқыбек, Байқошқар жерлерін аралаған (бұл жайында «Степной край» газетінің 1894 жылғы 19 шілдедегі 48-санында жазылған). Вернер әскери губернаторға жолдаған хатында "Семей уезіндегі Ертістің сол жақ жағалауынан, Бұғылы, Шаған, Мұқыр, Шыңғыс болыстарының, сонымен бірге Бақанас, Балқыбек, Байқошқар жерлерінің де ел қоныстандыруға, егін салуға қолайсыз, оларды суландыру көп қиыншылықтар тудыратынын айта келіп, езі келерден біраз бұрын Ибрагим Құнанбаев деген қазақтың Шыңғыс болысының 45 шаңырағына Бақанас, Байқошқар, Жәнібек бойын сұрап, Семей әскери ген,- губернаторына арызданғанын, ел-жұртын отырықшы еткісі келгенін, отырықшыланып болғанға дейін 5 жыл көшпелі шаруашылық қалпында жүре тұруға рұқсат сұрағанын, Семей облысының 2 а. ш. мектебін Бақанас бойына көшіріп әкелуге тілек білдіргенін" хабарлайды.
Қазақтардың Қоянды жәрмеңкесіменЖетісу аймағының дәл ортасында тұрақтап, отырықшылыққа айналсақ дегендегі басты мақсаты сауда-саттыққа да үйрену екенін айтады. Бірақ ақынның ағартушылық-демократтық бұл мақсаттары орындалмай қалған.[1]
Дереккөздер
↑Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз. Суретті мыннан табуға болады:
осы мақаланың тақырыбына байланысты сурет Ортақ қорда табылуы мүмкін;
мақаланың өзге тіл уикилеріндегі нұсқаларын қарап көріңіз;
өзіңіз жасаған суретті жүктеңіз (авторлық құқықпен қорғалған сурет қоспаңыз!).
Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!