Клара Аяпбергенова (2. 9. 1933 жылы туған,қ Семей облысы, Ақсуат ауданы) — филолог ғылым кандидаты (1987), доцент (1993). Алматы қыздар педагогикалық интын бітірген (1955). 1956—1964 ж. "Социалистік Қазақстан" (қаз. "Егемен Қазақстан") газетінің, "Қазақстан әйелдері" журналының қызметкері.
1964-1968 ж. Гурьев педагогикалық институтының, 1968—1971 ж. Алматы хореография училищесінің оқытушысы.
1971—1996 ж. Алматы медициналық институтында оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі. Акад. Ә. Қайдардың жетекшілігімен "Қазақ тіліндегі медицина терминдерінің жасалу жолдары мен шығу көздері" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады. 40-қа жуық ғылым еңбектері бар. Шығармалары: Учебное пособие no казахскому языку для студентов русской аудитории медицинских институтов. А., 1978; Русско-казахский медицинский разговорник-словарь. А., 1980; Некоторые вопросы преподования казахского языка в русской аудитории АГМП. А., 1982; Истоки формирования и развития медицинской терминологии в казахском языке. АКД., А., 1987; Методическое пособие для преподователей. А., 1990; Толкование медицинских терминов на казахском языке. А., 1993; Медицина терминдерініңқалыптасу жолдары. А., 1994; Қазақ тілін үйретушілерге окулық. А., 1993; Қазақ тілі. А., 1995.[1]
Дереккөздер
- ↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3