Каррик Джордж

Каррик Джордж [1] (1840–1908) – ағылшын ғалымы, медицина ғылымдарының докторы, Санкт-Петербург медициналық қоғамының құрметті мүшесі және мүше-құрылтайшысы, Эдинбург медициналық қоғамының мүшесі.

Ұлыбританияның Санкт-Петербургтегі елшісі болған. Каррик Джордж «Қымыз туралы және оның өкпе ауруы мен басқа да ауруларға қарсы қолданылуы» аталатын 1882–1903 жылы орыс тілінде жарық көрген еңбегінде Қазақ даласын, ондағы халықтың тұрмыс-тіршілігін сипаттап, қыс – қыстауға, жаз – жайлауға қоныс аударатынын, әсіресе, Қазақтардың жылқыға аса көп мән беретінін, жоғары бағалайтынын жазады.

Дереккөздер

  1. Қазақстан Республикасы Ғылыми Энциклопедиясы


Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!