Карл туралы деректер аз. 1467 жылы оның әкесі (Людовик Орлеанның кіші ұлы) қайтыс болып, жеті жасар Карл Ангулем графтығын мұрагерлікке алды. Бала кезінде регенттер Рогандар әулетінен шыққан анасы мен Жан I де Ла Рошфуко болды.
1488 жылы Францияның регенті Анна де Божё Карл мен Луиза арасындағы некені ұйымдастырды. Карлда әйелінен басқа бірнеше көңілдес әйелдері болды. Олардың тек екеуінің ғана аттары белгілі - Антуанетта де Полиньяк және Жанна Конт, олардан Карлда кемінде үш қызы бар.
Карл басты тұрағы - Коньяк болды. Онда болашақ француз королі Франциск I туды.
Карл 1496 жылдың 1 қаңтарында күтпеген жерден Шатонёф-ан-Ангумуа қаласында қайтыс болды. Оның денесін Ангулемнің кафедралды соборында, ата-анасының жанында жерленді. Оның байлығын жас Франциск анасының регенттігімен мұраға алды.
Некесі мен балалары
Әйелі: 16 ақпан 1488 жылдан бастап Луиза Савой (11 қыркүйек 1476 — 22 қыркүйек 1531), Савой герцогы, Филипп II мен Маргариты де Бурбонның қызы. Балалары:
Франциск I (12 қыркүйек 1494 — 31 наурыз 1547), 1496 ж. бастап Ангулем графы, 1515 ж. бастап Франция королі.
Ангулемдік Маргарита (11 сәуір 1492 — 21 желтоқсан 1549), 1517 ж. бастап Берри герцогинясы; 1-күйеуі: Карл IV (2 қыркүйек 1489 — 11 сәуір 1525), 2 желтоқсан 1509 ж. бастап; 2-күйеуі: Генрих II д’Альбре (18 сәуір 1503 — 25 мамыр 1555) 24 қаңтар 1527 ж. бастап.
Карлдың басқада некесіз туылған балалары да бар.
Антуанетта де Полиньяктан:
Жанна (1531/1538 ж. кейін қай.), 24 наурыз 1522 ж. бастап де Бар-сюр-Сьен графинясы; 1-күйеуі: тамыз 1501 ж. бастап Жан Обин, сеньор де Маликорн; 2-күйеуі: Жан IV де Лонгви ( шам. 1520/1521 қай.), барон де Паньи и де Мирабо-ан-Бургонь.
Мадлен (шам. 1475/1476 — 26 қазан 1543), 1495 ж. Пон-л’Аббе (Сентонж) приорессасы, Жоғарғы Брюйе (Шартр) аббатисасы, 1496 ж. Сен-Эсони (Ангулем) аббатисасы, 1511 ж. Фармутье аббатисасы, 1515 ж. Жуаре аббатисасы, 1517 ж. Фонтевро аббатисасы.
Жанна Ле Контадан:
Соверен (23 ақпан 1551 ж.қай.), күйеуі: 10 ақпан 1512 ж. бастап Мишель III де Гальяр (4 шілде 1535 ж.қай.), сеньор де Шильи.
Strategi Solo vs Squad di Free Fire: Cara Menang Mudah!